Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық колледж педагогтері республикалық байқауларда жеңімпаз атанды

Астаналық колледж педагогтері республикалық байқауларда жеңімпаз атанды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының екі педагогі республикалық кәсіби шеберлік байқауларында бірінші орын иеленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласында IT саласы педагогтері арасында «Желілер және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Онда Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің педагогі Светлана Лапенко қатысып, бірінші орынды жеңіп алды.

Байқау барысында ол ақпараттық технологиялар, компьютерлік желілер және жүйелік әкімшілендіру салаларындағы кәсіби біліктілігін көрсетті.
Ал 14-16 қазан аралығында Павлодар қаласындағы Жоғары электроника және коммуникация колледжінде «Теміржол станциясындағы қозғалысты ұйымдастыру» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.

Аталған сайыста Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Гүлжайна Сырымбетова алтын медаль иегері атанды. Байқау барысында оған сарапшы-компатриот Лариса Матвеева қолдау көрсетті.

Екі педагогтің жетістігі елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мамандардың кәсіби даярлық деңгейін көрсетеді.
Астана қаласының Білім басқармасы жеңімпаздарды құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды