Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«WorldSkills Astana-2026»: елордада студенттер арасындағы үздік мамандар марапатталды

«WorldSkills Astana-2026»: елордада студенттер арасындағы үздік мамандар марапатталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «WorldSkills Astana-2026» XI қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

16-23 мамыр аралығында елордалық колледждердің 17 алаңында техникалық және кәсіптік білім беретін студенттер қатысқан конкурстар өтті.

Қалалық чемпионатқа 340-тан астам адам қатысып, олардың шеберлігін 290 сарапшы-тәлімгер мен 45 тәуелсіз сарапшы бағалады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, чемпионатқа қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын нақты өндірістік практикаға барынша жақындатылған жағдайда көрсетті. Жарыстар IT-саласы мен инженерлік технологиялардан бастап, сервистік және шығармашылық мамандықтарға дейінгі бағыттардың кең ауқымын қамти отырып, 55 құзыреттілік бойынша өткізілді.

Чемпионат қорытындысы бойынша веб-технологиялар, мобильді қосымшаларды әзірлеу, желілік және жүйелік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік, бизнеске арналған IT-шешімдер, АКТ желілерінің инфрақұрылымы, мехатроника, мобильді робототехника, өнеркәсіптік автоматика, электроника, дәнекерлеу технологиялары, СББ станоктарындағы токарьлық және фрезерлік жұмыс сияқты құзыреттіліктер бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Құрылыс және қолданбалы мамандықтар да назардан тыс қалған жоқ: кірпіш қалау, сантехника және жылыту, құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы, плиткамен қаптау, электр монтаждау, малярлық және декоративтік жұмыс, зертханалық және химиялық талдау, шанақ жөндеу, ағаш ұстасы ісі және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану.

Құзыреттіліктер тізіміне шығармашылық мамандықтар да енді – графикалық дизайн, сән технологиялары, компьютерлік ойындарды 3D-модельдеу, мейрамхана сервисі, аспаздық және кондитерлік іс, шаштараз өнері, наубайхана шеберлігі, флористика, мобилография, видеомонтаж, интернет-маркетинг, кәсіпкерлік, бұлтты бағдарламалау, индустрия 4.0 және басқа да көптеген бағыттар.

Олардың барлығында лауреаттар анықталды. Сонымен қатар, қалалық чемпионат аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар колледж студенттеріне арналған «Abilympics» және «DeafSkills» жарыстары өтті, оған 22 адам қатысып, кондитерлік іс, сән технологиясы, робототехника, аспаздық іс сияқты бағыттар бойынша бақ сынасты.

Студенттерден бөлек, балалар да өздерінің кәсіби дағдыларын көрсете алды. Олар үшін «BalaSkills» (мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері үшін), «DaraSkills» (3-4 сынып оқушылары үшін), «JasSkills» (орта білім беру ұйымдары үшін) жарысы ұйымдастырылды. Балалардың құзыреттілік ауқымы да аспаздық істен бастап робототехникаға дейін кең болды.

«Біз кәсіби шеберлік чемпионатын осымен он бірінші рет өткізіп отырмыз. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін республикалық чемпионатта Астананың намысын қорғайды.

Ал республикалық деңгейде жеңіске жеткендер әлемдік WorldSkills жарысында еліміздің атынан шығады. Биыл әлемдік кәсіби шеберлік чемпионаты Шанхайда, ал келесі жылы Германияның Дюссельдорф қаласында өтеді», – деді Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің директоры Зәуре Қылышбаева.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді