Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әкімі Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы айтты

Астана әкімі Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы айтты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтады. Бұл көлік түрі қала тұрғындары арасында сұранысқа ие болып, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып келеді.

Бұған қоса елорданың көлік инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысын қатар жүргізіп жатырмыз.

Құрылыс жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүріп жатыр:
Қосшы қаласына қарай
Тіректерді, эстакадалық құрылымдар мен станцияларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 294 тірек (97%) орнатылып, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалды.
2026 жылдың соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл бағытта барлығы үш станция салу көзделген.

Жағалау шағынауданына қарай
Жоба аясында сегіз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта қоршаулар орнату, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын бастау үшін инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмысы жүріп жатыр.

«Астана-1» теміржол вокзалына қарай бағыт (оң жағалау)
Бұл бағытта №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, тоғыз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды.
Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр.

Қазақ радиосы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде екі тірекке бетон құю жұмысы аяқталды. Сондай-ақ қадалар мен арқалықтарды орнату жұмысы жүріп жатыр. Өзге учаскелерде алдағы құрылыс-монтаж жұмысына дайындық жүргізілуде.

Жеңіл рельсті көлік желісін дамыту – елордамызда заманауи әрі қолайлы көлік жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды