Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі өзгереді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемнің 14 түрін тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы кешенді бағаланады. Жаңа тәсілдің мәні мен өзгерістері туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұған дейін бірқатар жәрдемақы адамның белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалса, енді заңда белгіленген төлемдер бойынша отбасының жалпы әл-ауқаты да ескеріледі. Бұл ретте отбасының әлеуметтік жағдайы объективті көрсеткіштер негізінде бағаланады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, А және В санаттарына жатқызылған отбасыларға жәрдемақының жекелеген түрлерін тағайындау шарттары қайта қаралады. Ал С, D және Е санаттарындағы отбасылар заңнамада көзделген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік қолдау алу құқығын толық сақтайды. Сонымен қатар өзгерістер әлеуметтік көмектің барлық түріне бірдей қатысты емес. Бюджеттен төленетін 36 түрлі жәрдемақының 22-сі бұрынғы тәртіппен тағайындала береді. Оларды алу кезінде отбасының жалпы материалдық жағдайы мен әлеуметтік әл-ауқаты ескерілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды