Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 348 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 348 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 576,4 мың отбасы жалпы сомасы 348,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қыркүйек айында 525,9 мың отбасына 35,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әрбір балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі