Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС Алдын ала ақпарат бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді.
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сезілетін жер сілкінісі тіркелді. Сейсмология мамандарымен жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығы анықталуда. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Ақпарат толықтырылады. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер. Жағдай бақылауда, - деді Алматы қ. ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Батпасов Ерген.