Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша 09:52-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан - афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. MPV магнитудасы - 5,2", - делінген хабарламада.
Алматыда 2 балл сезілгені айтылды.