Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылық спортшылар Азия ойындарында алғашқы жүлделерін жеңіп алды

Алматылық спортшылар Азия ойындарында алғашқы жүлделерін жеңіп алды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматылық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алғашқы жүлделерін иеленді. Қазақстан құрамасының қоржынына қазіргі бессайыс пен каратэ өкілдері қола медаль салды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы командалық есепте Темірлан Әбдірайымов, Тихон Варехин және Лев Чувашов қола жүлдегер атанды. Бұл Қазақстанның Азия ойындарында қазіргі бессайыстан соңғы 16 жылда алған алғашқы медалі.

Тағы бір қола жүлдені алматылық Бэлла Самашева жеңіп алды. Каратэден 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үздік үштіктің қатарына енді. Бэлла үшін бұл спорттық мансабындағы алғашқы Азия ойындары.

Осылайша, Азия ойындарының алғашқы күндерінен-ақ алматылық спортшылар ұлттық құраманың жүлде қоржынын толықтыра бастады.

XX жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Алда Қазақстан атынан спорттың түрлі түрлерінен сынға түсетін көптеген алматылық спортшының жарыстары бар. Бәсеке 4 қазанға дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды