Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылықтар Әлем кубогында алтын мен қола жеңіп алды

Алматылықтар Әлем кубогында алтын мен қола жеңіп алды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы бразилиялық Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 7 медаль (3 алтын, 1 күміс және 3 қола) жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы нәтижеге алматылық спортшылар қомақты үлес қосып, екі алтын және бір қола медаль еншіледі. Турнир қаһармандарының бірі алматылық Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда Бразилияның қазіргі әлем чемпионын тізе бүктірді. Ол жекпе-жекте жоғары қарқын мен тактикалық басымдық көрсетті. Тағы бір алтын жүлдені Қазақстан құрамасына Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) салды.

Финалдық кездесуде ол бразилиялық Кауэ Белиниді 4:1 есебімен жеңіп, жекпе-жек барысын толық бақылауда ұстады. Қола медальді Алуа Балқыбекова (51 кг) иеленді. Ол жартылай финалда Қытай өкіліне 2:3 есебімен тартысты кездесуде есе жіберді.Әлем кубогының келесі кезеңі маусым айында Қытайда өтеді, ал финалдық бәсекелер Ташкентте ұйымдастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді