Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылық спортшы жасөспірімдер арасындағы таэквондодан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Алматылық спортшы жасөспірімдер арасындағы таэквондодан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматылық спортшы Әлидар Әбдукәрімов Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы таэквондодан (WT) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыс барысында жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. 16 жастағы таэквондошы қарсыласын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол Өзбекстан өкіліне есе жіберді.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жарыс жолында Әлидар бірқатар айқын жеңіске қол жеткізіп, нағыз спорттық мінез көрсетті. Бұл жетістік Қазақстан құрамасының қоржынына қосылған маңызды медаль болып, Алматыдағы жас спортшыларды даярлау жүйесінің тиімділігін айқындайды.

Айта кетейік, әлем чемпионатына 100-ден астам елден мыңға жуық спортшы бақ сынап жатыр. Бұл турнирдегі бәсекелестіктің жоғары деңгейін көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады