Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев Zijin Mining Group өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұрлыбек Нәлібаев Zijin Mining Group өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық тау-кен өндіруші Zijin Mining Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды игеру, қайта өңдеу жобаларын талқылады.

Zijin Mining Group әлемдегі ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания 1,09 млн тонна мыс өндіріп, әлемдік өндірушілер арасында 4-орынға ие болды, алтын өндіру көлемі 90 тоннаны құрады. Компания мыс қоры бойынша әлемде 3-орында, алтын мен мыс ресурстары бойынша – 5-орында, мырыш бойынша – 6-орында, литий бойынша – 7-орында.

Қазақстанда Zijin Mining Group Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнында жұмыс істейді. Жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылысына салынатын тікелей инвестициялар көлемі $600 млн-нан асады. Жоба жылына қосымша 10 млн тонна кен өңдеу қуатын құрып, тау-кен байыту кешенінің жалпы қуатын 16 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді.

Компания Қызылорда облысындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнына да қызығушылық білдіріп, жобаға ықтимал қатысу мүмкіндігін нақты пысықтауға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде минералдық шикізатты терең қайта өңдеу, заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді