Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Roca Group санитарлық-техникалық өнім шығаратын зауыт құрылысын биыл қазан айында бастайды

Roca Group санитарлық-техникалық өнім шығаратын зауыт құрылысын биыл қазан айында бастайды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Roca Group» компаниясының өкілдерімен Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіру және құрастыру жөніндегі жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Roca Group — санитарлық-техникалық бұйымдар мен оған қатысты жабдықтарды өндіретін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 

Жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. 2025 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Roca Group басшылығымен кездесуі барысында  инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. 

Кейінгі кезеңде жоба одан әрі дамыды, компанияның инвестиция көлемі бастапқыда мәлімделген 70 млн еуродан 83 млн еуроға дейін артты.  Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қызылорда облысының әкімдігі және инвестор арасында қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. 

Қазіргі уақытта болашақ зауыттың дизайны мен эскиздік жобасын әзірлеу аяқталды, оны одан әрі жобалау жалғасуда. Сонымен қатар Қызылорда облысында инсталляциялық жүйелер мен араластырғыштарды құрастыру өндірісін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың дана деңгейінде болады деп жоспарланған, сонымен қатар келешекте өндіріс көлемін 1 млн данаға дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында шамамен 300 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Кездесу барысында жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу, санитарлық-техникалық өнімдер саласындағы нормативтік базаны жетілдіру, Roca өнімдерінің ел аумағында салынып жатқан және жүзеге асыру жоспарланған нысандарда қолданылуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев зауытты уақтылы іске қосудың және отандық тауар өндірушіге жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға инвесторды сүйемелдеу, мемлекеттік сараптамадан жедел өтуін қамтамасыз етуді және зауыт құрылысын 2026 жылғы қазан айында бастауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді