Түркістан полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби ауданында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Яғни, Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, танысы жалақысы жоғары жоғары жұмысқа тұрғызып беремін деп 900 мың теңгесін алдап алып кеткенін көрсеткен. Алайда жәбірленуші әйел күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Түркістан полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғын әйелді анықтап полиция бөліміне жеткізді. Орта жастағы күдікті азаматшаның жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.