Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда қыркүйектің алғашқы күндері: жаңбыр, қар аралас жауын және үсік күтіледі

Қазақстанда қыркүйектің алғашқы күндері: жаңбыр, қар аралас жауын және үсік күтіледі
Фото: pixabay.com

Күнтізбелік күздің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды солтүстік антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты көбіне құрғақ әрі аз бұлтты ауа райы сақталады. Түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде үсік жүреді. Сонымен қатар күндіз ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

1–2 қыркүйекте республиканың солтүстігі мен шығысында, орталығында солтүстік циклонның жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен түнгі уақытта жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Кезең ішінде Алматы облысының таулы аудандарында найзағаймен бірге қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады.

Ауа температурасы:

Елдің батысында түнде ауа температурасы +10+18°C, күндіз +25+30°C-тан +28+33°C-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Маңғыстау облысында түнгі негізгі температуралық фон +13+21°C, күндіз +27+32°C-тан +30+35°C-қа дейін аздап жоғарылайды.

Солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 0,+5°C, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік, кейін *+2+7°C* аралығында болады. Өңірдің батысында *+10°C-қа дейін, топырақ бетінде *1 градусқа дейін үсік* күтіледі. Күндіз ауа температурасы *+10+28°C-тан +20+33°C-қа дейін* көтеріледі.

*Шығыс және орталық өңірлерде* түнде ауа температурасы *0,+5°C, өңірдің оңтүстігінде *+10°C*, кей жерлерде *3 градусқа дейін үсік* болжанады. Күндіз температура *+12+25°C-тан +15+30°C-қа дейін* жоғарылайды.

*Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде* түнгі ауа температурасы *+13+18°C-тан +10+15°C-қа дейін, таулы аудандарда *+5+10°C-тан +3+8°C-қа дейін** төмендейді. Күндіз ауа температурасы *+20+25°C-тан +18+23°C-қа дейін, таулы аудандарда *+10+15°C-тан +7+12°C-қа дейін** аздап өзгереді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді