Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция алаяқтық схемасына қатысы бар жігітті құрықтады

Елордада полиция алаяқтық схемасына қатысы бар жігітті құрықтады
Фото: polisia.kz

Елордада полиция алаяқтық схемасына қатысы бар жігітті құрықтады,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астанада полицейлер алаяқтық схемаға қатысы бар, алдын ала мәлімет бойынша, арнайы курьер рөлін атқарған 20 жастағы жігітті анықтады. Алаяқтықтың бір эпизодында жәбірленушілерден 7 миллион теңге көлемінде қаражат ұрланған. Қаскөйлер шетелден қоңырау шалып, өздерін түрлі қызметтердің қызметкерлері ретінде таныстырған. Әртүрлі сылтаулармен азаматтардан растау кодтарын біліп алған. Кейін жәбірленушілерге полиция және "электрондық үкімет" қызметкерлері ретінде қайта хабарласқан. Бейнеқоңырау жасап, қызметтік атрибуттарды пайдаланған алаяқтар азаматтарды олардың есепшоттарын бұзуға әрекет жасалып жатқанына және өздерінің "дроппер" болып қалуы мүмкін екеніне сендірген. Осыны сылтау етіп, жәбірленушілерге ақшаларын қолма-қол шешіп алып, қауіпсіздікте сақтау үшін арнайы курьерге тапсыруды ұсынған.

Алынған қаражатты 20 жастағы күдікті криптовалютаға айырбастап отырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған азаматтың жеке басы анықталды. Ол тұрғылықты жері бойынша ұсталды. Сондай-ақ осыған ұқсас тағы бір дерек тіркелді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция ескертеді: құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан азаматтардан ақшаны курьерге беруді немесе оны "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейді. Осындай қоңыраулар келіп түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, тиісті ұйымға оның ресми нөмірі арқылы өзіңіз хабарласыңыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты