Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады

Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Алматы қаласында тұратын интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысы бар шетелдік азамат. Алаяқтық схемасы психологиялық қысым көрсетуге негізделген: күдіктілер жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін банк немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақшаны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндірген. Соның салдарынан азаматтар өз жинақтарынан айырылған. Қазіргі таңда алаяқтықтың үш фактісі анықталды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 8 миллион теңгені құрайды.

Тексеру барысында ұрланған қаражат аударылған шоттар да анықталды. Олар Алматыда тұратын төрт шетелдік студенттің атына рәсімделгені белгілі болды. Олардың банк карталары мен шоттары заңсыз схема аясында пайдаланылып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және әрі қарай аудару үшін қызмет атқарған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарды мұқият болуға шақырады: бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіздер, оларлың нұсқауымен қаржылық операциялар жасамаңыздар. Банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады