Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда 5 млн теңге көлемінде екі алаяқтық дерегі бойынша күдікті ұсталды

Петропавлда 5 млн теңге көлемінде екі алаяқтық дерегі бойынша күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Полицияға Петропавл қаласының 67 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі бойынша өтініш түсті. Зейнеткер алаяқтық схемасына алданып қалған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған үй телефонына қоңырау шалған әйел жылап, өзін Ресейде тұратын қызы ретінде таныстырып, жол апатына ұшырағанын, адвокатқа ақша қажет екенін айтқан. Сол сәтте оның телефонына өзін адвокатпын деп таныстырған алаяқ қоңырау шалып, зейнеткердің үрейін пайдаланып, қолындағы 2 миллион теңге көлеміндегі ақшаны такси жүргізушісі арқылы беруін сұраған. Сонымен қатар "адвокат" зейнеткерге байланыс үзілмес үшін телефонды өшірмей, үйде қалдыруды бұйырған. Кейін жылаған дауыс қайта хабарласып, операцияға ақша сұраған. "Адвокат" әңгіме үзілмеуін талап етіп отырғанымен, жәбірленуші байланысты үзіп, немересіне хабарласқан. Немересінен ешқандай апат болмағанын естіген әйел "102" арнасына хабарласып, алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер такси жүргізушісінен 2 миллион теңге алған дропперді ұстады. Ол – 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оның тағы бір осындай алаяқтық фактісіне қатысы барын анықтады. Аталған жағдайда 88 жастағы петропавлдық 3 миллион теңгесінен айырылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге ірі көлемде айыппұлдан бастап 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады