Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөлік шығарындыларын жеке тексеру енгізіледі

Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөлік шығарындыларын жеке тексеру енгізіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылы 1 қыркүйектен бастап Алматыда бензинмен, газбен және дизель отынымен жүретін автокөліктер экологиялық нормативтерге сәйкестігін анықтау үшін техникалық тексеруден өтуге тиіс. Бұл туралы A-parking мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл техникалық тексеру міндетті техникалық байқаудың құрамдас бөлігі емес, жеке рәсім болып саналады. Оның барысында шығарындылар деңгейі өлшенеді: бензинмен және газбен жүретін автокөліктердің пайдаланылған газдың уыттылығы, ал дизельді көліктердің түтін шығару деңгейі тексеріледі. Тексеру ҚР СТ 1433-2023 ұлттық стандартына сәйкес жүргізіледі.

Техникалық тексеруден мерзімінен бұрын өтудің қажеті жоқ. Жаңа талап кезекті міндетті техникалық байқау мерзімі 1 қыркүйектен кейін келетін автокөліктерге ғана қолданылады.

Егер автокөлік 2026 жылы 1 қыркүйекке дейін техникалық байқаудан өтсе, берілген құжат белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Техникалық байқаудан қайта өтудің немесе осы мерзімге дейін экологиялық тексеруден өтудің қажеті жоқ.

Міндетті техникалық байқаудан бұрынғыдай кез келген қолданыстағы техникалық байқау орталығында өтуге болады. Ал шығарындылар деңгейін өлшеуге арналған техникалық тексеру қажетті жабдықпен қамтылған аккредиттелген станцияларда ғана жүргізіледі.

Бұл ретте автокөлік иесі қалауы бойынша аккредиттелген станцияда екі рәсімнен де – техникалық тексеру мен міндетті техникалық байқаудан бірден өте алады.

Аккредиттелген станциялардың тізімі almaty-parking.kz сайтында қосымша жарияланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді