Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу рәсімдеріне уақытша өзгерістер енгізіліп жатыр

Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу рәсімдеріне уақытша өзгерістер енгізіліп жатыр
Фото: pixabay.com

Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу рәсімдеріне уақытша өзгерістер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Көлік министрлігі 2023 жылғы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін бекіту туралы» №329 бұйрығының кейбір нормаларының іс-қимылын тоқтата тұру туралы»  № 114 бұйрығын қабылдаған болатын.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген Қағидалардың 23-тармағының 6-тармақшасының, 26-1-тармағының және 31-тармағының 6-8-тармақшаларының қолданылуы тоқтатылды. Олар қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктерді тексеру және газ баллонды жабдыққа мерзімді сынақтар жүргізу, міндетті техникалық байқау жүргізу кезінде диагностикалық картаға автомобильге орнатылған газ баллонының сериялық нөмірін енгізу туралы талаптарды қамтиды

ҚР Көлік министрлігінің бұйрығы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 желтоқсанда № 33769 болып тіркеліп, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылды және 2023 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты