Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік аймақтың электр желілері күшейтілуде

Қазақстанда электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік аймақтың электр желілері күшейтілуде
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ-мен бірлесіп, ұлттық электр желісін күшейту бойынша маңызды жобаларды іске асыруда. Электр энергиясын тұтынудың өсуі және генерация қуаттарының дамуы желілік инфрақұрылымның өткізу қабілеті мен сенімділігіне қойылатын талаптарды арттыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерінің жұмыс режимдеріне байланысты штаттан тыс жағдайлардың туындау тәуекелдерін төмендету Оңтүстік аймақтың электр желілерін күшейтуді талап етеді. Осы мақсатта қазіргі уақытта 500 кВ «Шу – Жамбыл» және «Жамбыл – Шымкент» электр беру желілері салынуда. Олар іске қосылғаннан кейін «Солтүстік – Оңтүстік» транзитінің «Алматы – Жамбыл» қимасындағы өткізу қабілеті 440 МВт-қа артады. Қосымша желілік қуаттар жаңа генерация көздерін желіге қосуға, жүктемені икемді түрде бөлуге және желілік шектеулердің әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Жобаны аяқтау 2027 жылдың ортасына жоспарланған.

Сонымен қатар Батыс Қазақстанның энергия жүйесін елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің негізгі бөлігімен біріктіру жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 500 кВ «Өлке – Қарабатан» электр беру желісі салынуда. Жоба Батыс аймақтың елдің қалған энергия жүйесімен байланысын нығайтып, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы электр станцияларының қуатын берудің мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ Батыс өңірдің маневрлік генерациясын басқа аймақтардағы энергия теңгерімсіздігін өтеу үшін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаны аяқтау да 2027 жылға жоспарланған.

Жалпы, іске асырылып жатқан жобалар жоғары кернеулі электр беру желілері арқылы энергия жүйесін сақиналы схемамен қамтуды аяқтауға және Ұлттық электр желісінің нысаналы топологиясын қалыптастыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді