Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Инфрақұрылымдық дамудағы басым бағыттардың бірі – сапалы электр энергиясымен қамту

Инфрақұрылымдық дамудағы басым бағыттардың бірі – сапалы электр энергиясымен қамту
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету – қаланың инфрақұрылымдық дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда қала аумағындағы 81 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, Шымкент қаласында 6 917 шақырым электр желісі, 45 қосалқы станса және 2 434 дана трансформаторлық жабдық жұмыс істеп тұр.

Қаладағы жоғары кернеулі қосалқы стансалар кезең-кезеңімен жаңғыртылып, электр желілері жаңартылуда. Бұл жұмыстар электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, тұтынушыларды сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді.2024 жылы қала аумағында 8 энергетикалық нысанның құрылысы жүргізілді.

Жыл қорытындысы бойынша 3 нысанның құрылысы аяқталып, нәтижесінде 14,7 мың адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек, жеке инвестициялар есебінен қуаттылығы 36 МВт болатын қосалқы станса іске қосылды.

2025 жылы құрылыс жұмыстары жалғасатын өтпелі 8 нысан бар. Олар - Ақжар,Бадам, Тұран, Құрсай, Тұран-Қайтпас-1, Сайрам, Ақжайық (көпқабатты үйлерге арналған жүйе).

Сонымен қатар, биыл жаңадан бой көтеріп жатқан Қайнарбұлақ, Қызылжар-2 және Азат тұрғын алаптарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы бөлініп, сәуір айында құрылыс жұмыстары басталды.

Қаланың даму жоспарына сәйкес, алдағы жылдары 7 жаңа қосалқы стансаның құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Олар:

•Қызылсу 220 кВ,
•Тұран 110 кВ,
•Шымсити 110 кВ,
•Жұлдыз 220 кВ,
•ТЛЦ-2 110 кВ,
•Ынтымақ 110 кВ,

•ИЗ Бозарық-2 110 кВ.

Қазіргі уақытта қаладағы кейбір электр желілерінің тозу деңгейі 57%-ды құрайды. Осыған байланысты 2025 жылы:

•90,5 км электр желісі,

•33 дана трансформатор,
•4 қосалқы станса жаңғыртылып,

•қосымша 3 км ВЛ-35кВ желісі салынады.

Бұл шаралар тозу деңгейін 56,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында қазіргі заманғы технологиялар қолданылып, желілердің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында да жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шымкенттің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады