Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік, Оңтүстік, Батыс аймағында энергия тапшылығына байланысты апаттық режим жарияланды

Биылғы желтоқсан айында Қазақстанның Біртұтас электр энергетикасы жүйесінде (БЭЖ) энергия тұтыну көлемінің айтарлықтай өсуі байқалады. Бұл туралы KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі компаниядан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқапаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Мәселен, 2022 жылғы 7 желтоқсанда қазақстандық энергожүйенің күллі тарихындағы тұтынудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді – 16 459 МВт, бұл ретте еліміздегі электр станцияларының жиынтық генерациясы тек 15 203 МВт құрады. Тапшылық Ресей энергожүйесінен келген жоспардан тыс қуат ағыны есебінен жабылып отырды.

«Осындай жоғары жүктемелер кезінде «KEGOC» АҚ пайдаланатын Ұлттық электр торабы штаттық режимде сенімді жұмыс істеді.

Электр энергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі ҚР электр станцияларында жиі апаттық және жоспардан тыс жөндеу салдарынан туындайды.

Айтарлықтай теңгерімсіздік туындаған жағдайда Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша «Апаттық» режимін жариялауға мәжбүр», - деп жазды компаниядан.

Бұл ретте Жүйелік оператор халықтың электр энергиясына қажеттілігін толық қамтамасыз етуге басымдық береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды