Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын салу мәселелері талқыланды

Үкіметте Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын салу мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдардың, елорда әкімдігінің және «Elorda Aqua» ШЖҚ-дағы МКК өкілдерінің қатысуымен Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу стансасының құрылысымен су құбырын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында жұмыстың қазіргі жай-күйі қаралды. Жобаны жүзеге асыруды жеделдету және белгіленген мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау бойынша шаралар талқыланды.

Жоба елорданың ұзақмерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Ол 203 шақырым су құбырын, үш сорғы стансасын және тәулігіне 210 мың м³ су өндіретін №4 сорғы-сүзу стансасын салуды көздейді. Құрылысты аяқтау 2028 жылға жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру халық санының өсуін және су тұтынудың артуын ескере отырып, Астананы тұрақты сумен қамтамасыз етуге, қаланы сумен жабдықтаудың екінші көзін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етуді және барлық жоспарланған рәсімдерді барынша қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды