Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Қ. Шарбиев Шейх Абдулла Фейсал Джасим Аль Танимен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Тараптар қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Қазақстанда іске асырылып жатқан сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, соның ішінде тұран жолбарысы, Пржевальский жылқысы мен құланды қалпына келтіру жөніндегі жобаларға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сирек кездесетін түрлердің популяциясы мен табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге бағытталған табиғатты қорғау жобаларын ұзақ мерзімді қолдаудың және халықаралық әріптестіктің маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен экологиялық бастамаларды қарастыруға мүдделілік білдірді.