Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті

Қазақстан мен Түркия тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

2026 жылғы 13–14 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының авиация билігі арасында келіссөздер өтті. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, ал түрік делегациясын Түркия Республикасының Азаматтық авиация бас басқармасының бас директоры, профессор, доктор Кемал Юксек басқарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026 жылғы 14 тамызда тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, негізгі бағыттар бойынша (Ыстанбұлдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына, Анкарадан Астана және Алматы қалаларына) екі тараптың әуе компаниялары үшін рұқсат етілген рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғайтылды.

Туристік бағыттар бойынша (Анталья және Бодрум қалаларынан Қазақстан қалаларына) рейстер саны аптасына 44-тен 86 рейске дейін арттырылды.

Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстердің жалпы саны аптасына 120-дан 224 рейске дейін көбейді.

Қалған барлық бағыттар бойынша екі тараптың әуе компанияларына аптасына 14 рейске дейін орындауға мүмкіндік көзделді. Бұл тікелей әуе қатынасын кеңейтуге және өңірлік көлік байланыстылығын дамытуға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, екі тарап үшінші елдерге тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, 76-ға дейін жүк рейсін орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Келіссөздер барысында тараптар азаматтық авиацияның кең ауқымды бағыттары бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөнінде де уағдаласты. Атап айтқанда, әуе көлігін мемлекеттік реттеу, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және саланы цифрландыру мәселелері қамтылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Әуе қатынасының кеңеюі әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, жолаушылар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, туристік ағындардың одан әрі өсуіне, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және екі достас мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді