Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді

Қазақстан мен Түркияның авиациялық билік органдары арасында ресми келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде тараптар екі ел арасындағы рейстер санын арттыру туралы шешімге келді,  деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтына сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, түрік делегациясын Түркияның авиациялық билігінің бас директоры Кемал Юкшек басқарды. Келіссөздерге қазақстандық Air Astana және SCAT әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Tailwind Airlines, Freebird Airlines секілді түрік әуе компанияларының өкілдері қатысты.

"Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы рұқсат етілген рейстердің санын 2 еседен артық, әр тарап бойынша аптасына 40-тан 93 рейске дейін, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Стамбул бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Стамбул бағыты бойынша аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру, сондай-ақ екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосу туралы келісімге қол жеткізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар бәсекелестікті дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында қазақстандық тараптың бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Стамбул қалалар аралығындағы бағыттарда баламалы екінші әуе тасымалдаушыларын міндетті түрде белгілеу бекітілді. Бұл жолаушылар үшін әуе компаниялары арасындағы таңдауды кеңейтеді.                                                                                                  
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді