Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Таза Қазақстан" акциясы: Абай облысында 61 қоқыс үйіндісі тазартылды

Фото: polisia.kz

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар заманауи технологиялардың көмегімен күшейтілуде. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында облыс полицейлері рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді пайдалануда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дрондардың көмегімен елді мекендер мен оларға іргелес аумақтарға, көлік бара алмайтын жерлерге тұрақты бақылау жасауға болады. Бұл заңсыз қоқыс тастау, тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға шығару және табиғи аумақтарды ластау фактілерін жедел анықтап, тіркеуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері облыс аумағында 61 қоқыс үйіндісі жойылды.

— Біздің міндетіміз тек құқық бұзушылықты анықтаумен шектелмейді. Қоршаған ортаны қорғау — баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан заманауи технологияларды қолдану арқылы бақылауды күшейтіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да басымдық береміз, — деп атап өтті полиция қызметкерлері. 

Қоршаған ортаның тазалығы әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, табиғатты ластамауға және туған өлкенің экологиялық тазалығын сақтауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді