Астанада қоршаған ортаны ластағандар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталғалы полиция қызметкерлері 55 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды. Акция басталғалы бері 630 жүк және ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде қоқыс төгу фактілері тіркелді. Одан бөлек өндірістік база аумағында қалдықтарды жинақтау фактісі анықталды.Бүгін, 11:43
“Таза Қазақстан” акциясы: Астанада қоршаған ортаны ластағандар жауапқа тартылды

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз