Елордада заңсыз қоқыс төгу фактісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталғалы полиция қызметкерлері 75 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда. Акция басталғалы бері 485 жүк және 229 ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде түскі уақытта шағынмаркеттердің бірінің бойында қоқыс төгу фактісі тіркелді. Аталған факті бойынша ҚР заңнамасына сәйкес, тиісті шаралар қабылданды. Астана қаласы әкімдігімен және "109 Бірыңғай анықтама қызметімен" бірлесіп рейдтер жүргізілуде.
Алдын алу шаралары ұйымдастырылып, азаматтармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "Таза Қазақстан" акциясы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге және азаматтардың табиғат тазалығына жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Экологиялық ережелерді сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз!