Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ қазақстандықтардың дербес деректерінің сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ІІМ қазақстандықтардың дербес деректерінің сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Фото: polisia.kz

ІІМ қазақстандықтардың дербес деректерінің сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарының дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызғаны байқалады. Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратты тексерді. Бүгінгі таңда eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар мұндай хабарландырудың жариялану фактісі назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта хабарландыруды орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты конституциялық кепілдікті іске асыруға барынша жауапкершілікпен қарайды. Конституцияның 21-бабында дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын мұндай әрекеттерден қорғау тікелей көзделген. Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді