Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі ашық тарап кеткен: министр пікір білдірді

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі ашық тарап кеткен: министр пікір білдірді
Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткені туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс дәлізінде журналистер ведомство басшысынан мұндай ауқымды ақпарат қалай тарап кеткенін сұрады. Министрдің айтуынша, бұрыннан интернетте жүрген, ескірген деректер тараған.

"Бұл жаңа деректер емес, мемлекеттік деректер базасы бұзылған жоқ. Бұл бұрын тарап кеткен ескі деректер болуы мүмкін, олар даркнетте қолжетімді. Telegram арналарда пайда болған кезде оны бұғаттаймыз. Бұл деректер 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі уақытты қамтиды", - деді ол.

Жаслан Мәдиевтің сөзінше, қазақстандықтар туралы ақпарат ауық-ауық ашық тарап кетеді.

"Даркнетте Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірлері бар. Бірақ бұл деректер көпшілікке қолжетімді болған кезде Telegram арналарды бұғаттау бойынша шаралар қабылдаймыз", - деп қорытындылады ол.

16 маусымда 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені туралы ақпарат шықты. Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады.

Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуі туралы ақпарат зерттеліп жатқанын айтып, мәлімдеме жасады.

"Қазіргі уақытта барлық салалық ведомство мен қызметтер жұмылдырылды. Ұсынылған деректердің өзектілігіне де жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Алғашқы талдау көрсеткендей, мәліметтердің көпшілігі ескірген", – деп хабарлады Цифрландыру министрлігі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады