Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтар дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстар енгізе алады

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ЦДИАӨМ дербес деректер саласын жетілдіруге және оларды қорғауға бағытталған заңнамаға түзетулер әзірлеуді бастады.


Цифрлық сервистер қазақстандықтардың өміріне жиі қолданысқа енуде, сонымен қатар дербес деректердің таралып кету тәуекелі де артып келеді. Қазіргі заманғы шындықтағы дербес деректердің қауіпсіздігі мәселелері біздің еліміз үшін басым мәселелердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты әрбір қазақстандық дербес деректерді қорғауды күшейту, жеке деректерге қатысты өз құқықтарын кеңейту және осы саладағы ұлттық заңнаманы жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.


Ұсыныстар 2021 жылғы 15 наурызға дейін төмендегі тәсілдермен қабылданады:


- «Электрондық үкімет» порталында электрондық түрде;

- kib@mdai.gov.kz электрондық пошта;

- пошта арқылы мына мекенжайға: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс.


Жиналған ұсыныстар бірыңғай заң жобасында қалыптастырылады, өз кезегінде жұртшылықпен талқылауға шығарылатын болады.


Мазмұны бойынша ұсыныстар негізді әрі дәлелді болуға, сондай-ақ Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс екенін атап өткен жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті