Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда барлық мемлекеттік органдар QazTech платформасымен жұмыс істейді

Қазақстанда барлық мемлекеттік органдар QazTech платформасымен жұмыс істейді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтер саласына жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды. Саланы түбегейлі әрі сапалы трансформациялау бағытында шаралар қабылдануда. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол осы уақытқа дейін әр мемлекеттік орган өз жүйелерін дербес әзірлегенін атап өтті. Әртүрлі технологияларды және деректерді қорғаудың түрлі тәсілдерін қолданды. Дайын шешімдердің қайталануы орын алды.

«Жұмыс жылдарға созылып, нәтиже күткен деңгейде бола бермейтін. 1 сәуірден бастап біз цифрлық өнімдерді әзірлеуге арналған бірыңғай орта – QazTech платформасын іске қостық. Нәтиже қазірдің өзінде айқын. Инфрақұрылым жұмысы 24/7 тұрақты бақылауда. Security by Design заманауи қағидаты киберқауіпсіздік талаптарын жобалау кезінен бастап енгізуге мүмкіндік береді. Ал DevSecOps құралдары қорғалу деңгейін әзірлеу, тестілеу және пайдалану кезеңдерінде автоматты тексереді. Вайб-кодингті де енгізіп жатырмыз. Жасанды интеллект әзірлеушілерге бағдарламалық кодты жылдам әрі қателерді азайта отырып жазуға көмектеседі. Осының барлығы бұрынғы модельден бас тартуға мүмкіндік береді. Бұрын жүйені әзірлеуге жылдар кетсе, одан кейін қауіпсіздікті тексеруге де көп уақыт жұмсалатын. Енді жаңа сервистер бірнеше айлар тіпті апталар ішінде әзірленіп, іске қосылуы мүмкін», — деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар ол Үкімет қолданыстағы жүйелерді QazTech платформасына көшірудің екі жылдық жоспарын бекіткенін баяндады. Бұл ретте: жүйелердің қайталануы жойылады, ескірген жүйелерді пайдалану тоқтатылады. Биыл 39 жүйені көшіру жоспарланған. Оның 36-сы бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Жоспардан тыс тағы 25 жүйе бойынша көшіру және әзірлену жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 10 ақпараттық жүйе платформада толыққанды жұмыс істеп тұр. Яғни жұмыс жоспардан озық қарқынмен жүргізілуде. Бүгінде барлық мемлекеттік орган QazTech платформасымен жұмыс істейді. Мемлекет басшысы QazTech-тен тыс жаңа жүйелер құруға мораторий енгізу бойынша Жарлыққа қол қойды. Талаптың сақталуын цифрландыруға арналған бюджеттік өтінімдерді сараптау кезінде тексеріледі.

Вице-премьердің мәліметінше QazTech платформасына көшкеннен кейін цифрлық сервистер жұмысында іркілістер тіркелген жоқ. Бұған нақты мысал – жыл сайын халық үшін ашылатын бірінші сыныпқа қабылдау қызметі. Бұрынғы инфрақұрылым жүктемені көтере алмай, іске қосылған алғашқы күні-ақ істен шығатын. Мұндай жағдай төрт жыл қатарынан қоғамда теріс резонанс туғызды. Биыл Оқу-ағарту министрлігі және Қазақтелекоммен бірлесіп, қызмет QazTech платформасында қайта жинақталды. Екінші ай қатарынан бірде-бір ақаусыз жұмыс істеп тұр. 365 мыңнан астам өтінім сәтті өңделді. Ұзақ уақыт бойы электрондық үкімет шлюзі ең маңызды мәселелердің бірі болып келді. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасындағы деректерді жеткізу және алмасуды қамтамасыз етеді.  Яғни, бұл – цифрлық үкіметтің «қан айналымы жүйесі». Алайда оның техникалық мүмкіндігі жыл сайын артып келген жүктемеге сай келмеді. Тек өткен жылы шлюз арқылы 19 млрд-тан астам транзакция өтті. 

«Біз жаңа өткізу қабілеті жоғары шлюзді іске қостық. Нәтижесінде жыл сайынғы жүктеменің 25 пайызға өсуіне қарамастан, өткізу қабілеті мен деректерді өңдеу жылдамдығы 2,5 есеге артты. Жаңа шлюз іске қосылған сәттен бастап оның жұмысында бірде-бір ақау тіркелген жоқ.  eGov порталы да өзінің технологиялық мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп келді. Осыған байланысты жақында QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Қызметтер барынша оңай, пайдаланушы үшін ыңғайлы форматта жинақталды. Талаптар мен қадамдар саны азайды. Сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі жаңа форматта қолжетімді», — деп атап өтті вице-премьер.

Порталда кері байланыс нысаны іске қосылды. Онда әрбір пайдаланушы қызметтерді ыңғайлау жөнінде өз ұсынысын қалдыра алады. Үздік ұсыныстар порталды одан әрі жаңғырту барысында ескерілетін болады. Жұмыс әрі қарай жалғасады. Барлық мемлекеттік қызмет порталда жаңа форматта қайта жинақталуы тиіс. Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдар бұл жұмысты жеделдетуі қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біз едәуір трансформациядан өттік. Компьютердегі мемлекеттік қызметтер порталынан – мобильді қосымшаға дейін. Ал одан кейін – қызметтер бойынша кеңес беретін eGov-тағы AI-көмекші және 1414 AI колл-орталығы іске қосылды. Бұл жұмыс халықаралық деңгейде жоғары бағалануда. Бүгінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында. Еліміз жасанды интеллектіні енгізу және қызметтерді үнемі жақсарту арқылы одан да жоғары көрсеткіштерге сенімді қадам басып келеді. Осылайша, сәуір айынан бастап интеллектуалды цифрлық ассистент eGov GPT іске қосылды. Бұл – мемлекеттік қызметті алудың тағы бір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі. Бұрын азамат қай мемлекеттік органға жүгіну керектігін, қандай өтініш толтыру қажет екенін және қандай құжаттарды жинау керектігін өзі анықтайтын. Енді өзінің өмірлік жағдайын қысқаша сипаттаса жеткілікті.  Мысалы: «маған тұрғылықты жер бойынша тіркелу керек» немесе «биыл балам бірінші сыныпқа барады». eGov GPT қажетті қызметті өзі анықтап, азаматтың атынан өтінішті дайындайды және қызметті нәтижесіне дейін жеткізеді.

Бүгінде eGov GPT-де жалпы трафиктің шамамен 30%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Азаматтар eGov GPT мүмкіндіктерін 150 мыңнан астам рет қолданып үлгерді. Ол мемлекет пен азаматтар арасындағы барлық мәселелер бойынша әмбебап AI-ассистентке айналуы тиіс. Жақын арада eGov GPT ұлттық Aitu мессенджерінде да қолжетімді болады. Қызметтер санын көбейту ғана емес, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету де маңызды. Осыған байланысты биылғы маусым айынан бастап заңнамалық деңгейде eGov пен Aitu мемлекеттік маңызды сервистеріне тарифсіз қол жеткізу қамтамасыз етілді. Ол дегеніміз ұялы телефон балансында қаражат болмаса да, әрбір азамат маңызды мемлекеттік және әлеуметтік сервистерді пайдалана алады. 

«Біз бизнеске арналған цифрлық құралдарды да белсенді дамытып келеміз. Жаңартылған eGov Business платформасын іске қосылды. Онда кәсіпкерлерге арналған қызметтер, сервистер және мемлекеттік қолдау шаралары цифрлық форматта шоғырлануда. Сандар нәтижені анық көрсетіп отыр. Биыл жаңартылған қосымша 135 мың рет жүктелді, ал оны ай сайын 35 мың кәсіпкер тұрақты пайдаланады. eGov Business кәсіпкерлерге бизнестің бүкіл өмірлік циклінде қолдау көрсетеді. Бизнесті тіркеу, шот ашу, лицензиялар алу, дамыту, компания құрылымына өзгерістер енгізу – барлығы бір қосымшада», — деді Премьер-министрдің орынбасары. 

Бұған дейін өзекті мәселелердің бірі жеке кәсіпкерлікті (ИП) жабудың нақты әрі түсінікті рәсімінің болмауы еді. Бұл процесс цифрлық форматқа көшпеген болатын. Енді ол eGov Business-те қолжетімді. Ал осы айдың басында қосымша арқылы бизнестегі үлесті сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігі пайда болды. Биыл ақпан айында eGov Business-ті одан әрі дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіріледі. Тәуекелге бағдарланған сервистерді, бизнестің цифрлық картасын, сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған жер, мүлік және басқа да сервистерді дамытылады. Жақын арада кәсіпкерлер банкке бармай-ақ, корпоративтік Visa банк картасын тікелей eGov Business қосымшасы арқылы рәсімдеп, оны бірден Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay жүйелеріне қоса алады. Картаның деректемелері қосымшада қолжетімді болады. Алайда платформа оларды сақтамайды және көрмейді – бұл үшін банк пен Visa жауап береді. Айта кететін жайт қыркүйек айында eGov Business-те Smart Contract сервисі іске қосылады. Онда шарттарды, мәмілелерді, оның ішінде мердігерлермен жасалатын шарттарды цифрлық қолтаңба арқылы қол қойып, толығымен электрондық форматта рәсімдеуге болады.

Алайда, цифрландыруға қарамастан, кәсіпкерлер әлі де ұзақ процесстерге тап болуда. Әсіресе бизнесті бастау мен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті монополистердің қызметтерінде. Олар жер учаскелерін бөлу, инженерлік желілерге қосылуға рұқсат және техникалық шарттар беру сияқты процестерге тікелей қатысады. Дәл осы жерде өтінімдерді қарау мерзімдері жүйелі түрде бұзылуда. Норматив бойынша келісу рәсімдеріне небәрі 5 жұмыс күні беріледі. Ал іс жүзінде 3 мың өтінім 3 айдан астам уақыт бойы монополистерде «тоқтап қалған». Антилидерлер қатарында – «Алматы Су», «Павлодарэнерго», «QazaqGaz Aimaq» өңірлік құрылымдары. Монополистердің көбі цифрлық форматқа көшуге асықпауда. Бұл жұмыс тек Астанада, Жетісу және Алматы облыстарында ғана тиісті деңгейде жолға қойылған. Ұлттық экономика министрлігінің үйлестіруімен басқа өңірлер де осы тәжірибені қолға алуы тиіс. 

«Енді бұрын мемлекеттік қызметтердің басты ордасы болған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тоқталайын. Ең сұранысқа ие қызметтер онлайн форматқа көшіріліп, халықтың ЦОНдарға баруға деген қажеттілігі азаюда. Соңғы жылдары ЦОНдарға барған азаматтар саны 30%-ға азайған. Көлікті алғаш тіркеу, жер учаскелеріне акт беру, жылжымайтын мүлікке кадастрлық паспорт беру сияқты қызметтер алғаш рет онлайн қолжетімді болды. Электронды цифрлық қолтаңба беру мен тұрғылықты жері бойынша тіркеу де ел бойынша толықтай онлайн жүзеге асырылуда. Азамат ЦОН-ға барса да, оператордың көмегіне жүгінуі күннен-күнге азайып барады. Қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында дербес алуда. Сондықтан, біз Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тұжырымдамасын түбегейлі қайта қарадық. Енді олар кезексіз, ашық әрі жайлы кеңістікке трансформациялануда. Жаңа AI қызмет көрсету офисі 70/20/10 қағидаты бойынша үш аймақтан тұрады. Жалпы аумақтың 70 пайызын негізгі бөлігін экспресс-аймақ алады.  Онда қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы дербес алуға болады. Сонымен қатар офисте консультант көмек көрсететін сараптамалық және оқыту аймақтары да бар», — деді вице-премьер.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша алғашқы заманауи офис биыл 4 маусымда Жезқазған қаласында ашылды. Кейін цифрлық офистер Түркістан, Астана және Сәтбаев қалаларында жұмысын бастады. Небәрі бірнеше айдың ішінде цифрлық офистер 4 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті. Қалған өңірлердің әкімдіктеріне бұл жұмысты жеделдету қажет. Әрбір өңір тұрғынына заманауи цифрлық офистер мен мемлекеттік қызметтердің жаңа сапасы тең қолжетімді болуы тиіс. Айтып өткеннің барлығы – жеке жобалар емес, жасанды интеллектке негізделген біртұтас мемлекеттік қызметтер экожүйесінің бөлігі. Қызметтер қарапайым, жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде. Жасанды интеллект технологиялары әрбір азаматтың игілігі үшін қызмет етеді. Ал дербес деректерді қорғау мемлекеттің сөзсіз басым міндеті болып қала береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді