Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған суперкомпьютер негізінде жасанды интеллект экожүйесін дамыту бағыттары қаралды. QazTech платформасы базасында салалар мен мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі цифрлық трансформациялауға назар аударылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ЖИ инфрақұрылымын құру туралы баяндады. Оның айтуынша мемлекеттік органдардың деректерді өңдеу орталығы таяуда іске қосылған суперкомпьютерге кіріктірілді. Қазақстанда институционалдық ортаны қалыптастыру үшін 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ-ді дамыту Тұжырымдамасы бекітілді, «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді. ЖИ саласында кадрлар даярлау үшін AI Corporate, TUMO Center, AI People және тағы да басқа білім беру бағдарламалары іске асырылады. E-agent, egov AI, AI-терапевт, tax helper, SDU және E-аудармашы сияқты әзірленіп жатқан цифрлық шешімдер туралы мәліметтер тыңдалды.  

Отырыс барысында салаларды цифрлық трансформациялау қарқыны қаралды. QazTech ұлттық платформасы цифрлық өнімдерді жедел құруға арналған. Министрдің айтуынша, цифрландырудың платформалық моделін енгізу жаңа IT-шешімдерді іске қосу мерзімін 1,5-3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Платформа бірыңғай стандарттарды, security by design қағидаты бойынша қауіпсіздікті және бұлтты технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді. QazTech сынақтары ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес аяқталды, толық іске қосу тамыз айына жоспарланған. Бүгінгі таңда QazTech платформасында мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы, Smart Bridge, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиесілі Қоршаған ортаның ұлттық мәліметтер базасы және тағы басқалар жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде барлық мемлекеттік органдар бір уақытта озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, соның ішінде Сингапур тәжірибесін қоса алғанда, цифрлық трансформация карталарын әзірлеуде. Бұл карталар жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдана отырып, негізгі процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған. Басты назар ескірген процедураларды қайта өңдеуге, деректерді цифрландыруға, сондай-ақ, E-Otinish, 109 және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен азаматтардың сұраныстарын қайта өңдеуге аударылған. Карталар шеңберінде негізгі басымдық үдерістердің реинжинирингіне және жасанды интеллектті қоса алғанда, перспективалы технологияларды енгізуге берілген.

Премьер-министр іске қосылған суперкомпьютерді қоса алғанда, құрылып жатқан ЖИ ұлттық инфрақұрылымы мемлекеттік органдардың қызметіне жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмысты жандандыра түсуде үлкен мүмкіндіктер беретініне назар аударды. Олжас Бектенов бір айдың ішінде цифрлық трансформация карталарына қатысты жұмысты аяқтауды тапсырды. Олар ЖИ-ды интеграциялауға негізі болмақ, сондай-ақ бизнеске де мемлекеттік деректер базасында өз жобаларын жасауға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті