Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жол бойындағы қызмет көрсетуді жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда жол бойындағы қызмет көрсетуді жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстанда жол бойындағы қызмет көрсету жүйелі түрде жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1 429 жол бойындағы сервис нысаны жұмыс істейді. Қазіргі таңда оның 1 340-ы немесе 94%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді, ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыс тек қолданыстағы нысандарды белгіленген талаптарға сәйкестендірумен шектелмей, жүргізушілер мен жолаушылар үшін жаңа инфрақұрылым құруды да қамтиды. Ағымдағы жылы қосымша автожанармай құю станцияларын, қоғамдық тамақтану орындарын және санитариялық-гигиеналық тораптарды салу және орнату жоспарлануда.

Санитариялық инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінуде.

Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының бойында 170-тен астам модульдік санитариялық-гигиеналық торап орнатылған. Сонымен қатар демалыс алаңдары мен аялдама павильондарында жүргізушілер мен жолаушыларға тәулік бойы қолжетімді 900-ден астам тегін санитариялық нысан жұмыс істейді.

Санитариялық нысандарды күтіп-ұстау және пайдалану олардың тиесілілігіне қарай «ҚАЖсервис» ЖШС, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің иелері және жалға алушылар тарапынан жүзеге асырылады. Бұл ретте нысандардың тиісті санитариялық және техникалық жағдайын қамтамасыз ету бойынша күнделікті жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар Қазақстанда электр көлігін дамытуға қажетті инфрақұрылым қалыптастырылуда.

Бүгінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 67 электр көлігін қуаттандыру станциясы (ЭЗС) жұмыс істейді. Зарядтау инфрақұрылымы еліміздің көптеген өңірлерін қамтиды. Қолданыстағы желіні кеңейту жұмыстары мердігер ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалғасуда.

Электр көлігінің танымалдығы артып келе жатқанын ескерсек, ЭЗС желісін дамыту ерекше маңызға ие. Елді мекендер арасындағы бағыттарда зарядтау станцияларының болуы электромобильдерді ірі қалалар ішінде ғана емес, өңірлер арасындағы ұзақ сапарларда да кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Жол бойындағы сервисті жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі – жеке инвестицияларды тарту. Көлік министрлігі бизнес өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол бойындағы сервистің жаңа нысандарын құру және қолданыстағы нысандарды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді