Астанада поп-мәдениетке арналған ең ірі фестиваль – Comic Con Astana 2026 өтіп жатыр. Алғашқы күні фестивальге комикс, кино, аниме, видеоойын және косплей жанкүйерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарын қосқанда 16 мыңнан астам адам келді. Мұнда әрбір қонақ өз талғамына сай қызықты ойын-сауыққа қатыса алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Фестивальдегі ең танымал алаңдардың бірі – ретро-гейминг аймағы. Мұнда келушілер балалық шаққа қайта оралып, классикалық ойын консольдеріндегі аңызға айналған ойындарды ойнай алады. Қонақтарға Dendy, Sega Mega Drive, PlayStation One, Nintendo Entertainment System (NES) және басқа да приставкалар ұсынылған. Ал ойындар қатарында Super Mario Bros., Contra, Mortal Kombat, Sonic the Hedgehog, Battle City («Танчиктер») және өткен жылдардың көптеген танымал хиттері бар.
Заманауи ойын-сауық аймағы да көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Мұнда келушілер көпшілікке сериалдар мен телешоулар арқылы таныс кореялық ойындарды ойнап көріп, TikTok желісінің арқасында кеңінен танылған түрлі сынақтар мен шағын ойындарға қатыса алады. Мұндай ойын-сауыққа түрлеріне қатысып, ептілігін, шапшаңдығын сынағысы келетіндердің ұзын-сонар кезегін пайда болды.Тарих пен ортағасырлық мәдениетке қызығатындар үшін ұйымдастырушылар арнайы интерактивті алаң әзірлеген. Онда әрбір адам өзін нағыз рыцарь ретінде сезініп, тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен семсерлесудің негіздерін меңгеріп, ортағасырлық қарудың қауіпсіз жаттығу үлгілерімен жекпе-жекке шығып көре алады.Comic Con Astana 2026 бүгінде ностальгиялық ойын автоматтарынан бастап тарихи реконструкциялар мен заманауи интерактивті алаңдарға дейінгі түрлі форматтағы ойын-сауықтың басын қосатын ауқымды қалалық іс-шараға айналды. Фестиваль 9 тамызға дейін жалғасады.