Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Comic Con Astana фестиваліне қандай әлемдік жұлдыздар келеді

Comic Con Astana фестиваліне қандай әлемдік жұлдыздар келеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада 6-9 тамыз аралығында халықаралық Comic Con Astana фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шараның хедлайнерлерінің бірі – британиялық әрі испандық актер Таз Скайлар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Актерге әлемдік танымалдық Netflix платформасындағы One Piece сериалында Санджи рөлін сомдағаннан кейін келді. Бұдан бөлек, Таз Скайлар режиссер Филип Барантинидің Boiling Point («Қайнау нүктесі») фильмі мен сериалында, Cleaner («Тазалаушы») экшн-триллерінде, The Kill Team («Өлім тобы») әскери драмасында және Agatha Raisin («Агата Рэйзин») детективтік-комедиялық сериалында ойнаған.

Скайлар актерлікпен қатар сценарист, режиссер және продюсер ретінде де еңбек етеді. Сонымен бірге экстремалды спорт түрлерімен белсенді айналысады. Фестиваль аясында ол басты сахнада жанкүйерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату және фотосессияларға қатысады.

Comic Con Astana 2026 аясында Қазақстанға халықаралық Silk Way Star телевизиялық вокал байқауында Оңтүстік Кореяның атынан өнер көрсеткен оңтүстіккореялық Kandis K-pop тобы да келеді. Comic Con Astana – Орталық Азиядағы заманауи поп-мәдениетке арналған ең ірі фестиваль. Ол жыл сайын кино, сериал, аниме, комикс, бейнеойын және косплей жанкүйерлерін біріктіреді. Биыл фестиваль дәстүрлі түрде екі алаңда – Barys Arena мен «Алау» мұз сарайында өтеді. Бағдарламаның маңызды бөлігі саналатын халықаралық косплей байқауының жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Comic Con Astana фестивалінің билеттері comicconastana.kz ресми сайтында сатылымда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді