Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Comic Con фестиваліне дайындық жүріп жатыр: фестивальдің ашылуына үш күн қалды

Астанада Comic Con фестиваліне дайындық жүріп жатыр: фестивальдің ашылуына үш күн қалды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада үш күннен кейін, яғни 6 тамыз күні 9 тамызға дейін жалғасатын халықаралық Comic Con Astana фестивалі басталады. Өткен жылдары бұл шара Орталық Азиядағы осындай форматтағы ең ірі оқиғаға айналып, кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме, косплей және заманауи поп-мәдениет жанкүйерлерін бір алаңға тоғыстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл фестиваль бірден екі алаңда өтеді. Barys Arena аумағында халықаралық хедлайнерлермен кездесулер, панельдік пікірталастар, жұлдыздардың өнер көрсетуі, фотосессиялар мен қолтаңба тарату сессиялары ұйымдастырылады.

Ал «Алау» мұз сарайы ауқымды көрме алаңына айналады. Мұнда тақырыптық аймақтар, компаниялар мен серіктестердің стендтері, ойын кеңістіктері, таныстырылымдар және интерактивті алаңдар орналасады. Сондай-ақ барлық жастағы келушілер үшін ойын-сауық бағдарламасы әзірленген.

Comic Con Astana 2026 өз тарихында алғаш рет бірден төрт халықаралық хедлайнердің басын қосады. Фестиваль қонақтарының алдында «Тақтар ойыны» сериалы арқылы әлемге танылған даниялық актер Николай Костер-Вальдау, Netflix түсірген One Piece сериалының жұлдыздары Иньяки Годой мен Таз Скайлар, сондай-ақ әйгілі «Острые козырьки» сериалында Артур Шелби рөлін сомдаған британиялық актер Пол Андерсон өнер көрсетеді.

Актерлер жанкүйерлерімен кездесіп, шығармашылық жолы мен танымал жобалардағы түсірілімдері туралы әңгімелейді, көрермендердің сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ фотосессиялар мен қолтаңба тарату сессияларына қатысады.

Әлемдік кино жұлдыздарынан бөлек, Comic Con Astana 2026 фестиваліне танымал блогерлер мен цифрлық контент жасаушылар, суретшілер, ойын индустриясының өкілдері және әртүрлі елдерден келген косплейерлер де қатысады.

Өткен жылдары фестиваль қонақтары қатарында Мадс Миккельсен, Энди Серкис, Пилу Асбек, Скотт Эдкинс, Эсай Моралес, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт, Пьер Спенглер және Александр Кузнецов болды. Әлемдік киноиндустрияның танымал өкілдерінің қатысуы Comic Con Astana фестивалінің өңірдегі заманауи поп-мәдениеттің ең ірі халықаралық алаңдарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтты.

Comic Con Astana 2026 фестивалінің ашылуына небәрі үш күн қалды. Келушілер үшін жұлдыздармен кездесулер, косплей байқауы, ойын турнирлері, көрмелер, таныстырылымдар және басқа да көптеген қызықты іс-шаралардан тұратын мазмұнды бағдарлама дайындалған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді