Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда ескерткіш маңында отшашу ұйымдастырған азаматтар жауапқа тартылды

Таразда ескерткіш маңында отшашу ұйымдастырған азаматтар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Таразда ескерткіш маңында отшашу ұйымдастырған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласында Тәуке хан көшесіндегі “Қазақ хандығының 550 жылдығы” монументінің маңында отшашу ұйымдастырған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Соңғы уақытта түнгі сағат 00:00-де отшашу ұйымдастыру өзіндік дәстүрге айналып барады. Азаматтар осылайша жақындарын туған күнімен құттықтап, мерейтой, үйлену тойы және басқа да маңызды оқиғаларды атап өтеді. Алайда мерекелік себептер айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуға негіз бола алмайды.

Түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолдану қоғамдық тыныштықты бұзып, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін, оның ішінде түнгі уақытта отшашу ұйымдастырғаны үшін 1 418 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар отшашуды белгіленбеген орындарда пайдалану адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, өрт шығуына және жарақат алуға себеп болуы мүмкін. 10 қарашадан 3 қаңтарға дейін Жамбыл облысының аумағында “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полиция мерекелік көңіл күй заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағылардың тыныштығын құрметтеуге және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды