Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланған

Елордалық түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланған
Фото: polisia.kz

Елордада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану деректерінің алдын алу және жолын кесу жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы бағыттағы іс-шаралар барысында елордадағы мейрамханалардың бірінің маңында тыныштық пен қоғамдық тәртіптің бұзылу фактісі анықталды. Белгілі болғандай, “Қыз ұзату” рәсімі аяқталғаннан кейін 22 жастағы азамат пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан. Соның салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарының тыныштығы бұзылған. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар салтанатты шара аяқталғаннан кейін шу шығарып, қоғамдық тыныштықты бұзған тағы үш қатысушыға қатысты да әкімшілік шара қолданылды.

Полиция азаматтарға мерекелік іс-шараларды қоғамдық тәртіп талаптарын сақтай отырып өткізуді ескертеді. Тыныштықты бұзу, сондай-ақ айналадағы адамдарға құрметсіздік танытатын әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді