Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Он жылдан астам уақыт бой тасалаған: 31 млн теңгенің титан құймасын ұрлағандардың соңғысы қолға түсті

Он жылдан астам уақыт бой тасалаған: 31 млн теңгенің титан құймасын ұрлағандардың соңғысы қолға түсті
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Қазақстанның оңтүстік астанасында Өскемен қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері көп тонналық титан құймасын ұрлауға қатысты қылмыстық істің соңғы фигуранты – 63 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл қылмыстың тарихы 2015 жылы басталған. Сол кезде Өскемен қаласындағы кәсіпорындардың бірінің жұмысшылары қымбат тұратын шикізатты жымқыру схемасын ойлап тапқан. Қылмыстық қолсұғушылық нысаны салмағы 9 370 келі, ал құны 31 миллион теңгеден асатын титан құймасы болды. Қызметтік жағдайын пайдаланған қаскүнемдер күзет қызметкерлерімен сөз байласып, көп тонналық жүкті кәсіпорын аумағынан бақылау-өткізу пункті арқылы шығарған. Ұрланған мүлікті жасыру үшін құйманы автокөлік кузовына салып, үстін матамен жауып, оның сыртына технологиялық және тұрмыстық қоқыс үйіп тастаған. Кейіннен металл басқа біреулерге сатылып кеткен. Сол кезде тергеу барысында полиция қылмыстық схемаға қатысқан барлық адамды анықтаған.

Ұрланған мүлік табылып, тәркіленді, ал күдіктілер заң алдында жауапқа тартылды, алайда олардың бірі жасырынып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған еді. Кейінгі жылдар бойы криминалдық полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау жұмыстарын бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Іздеу салынған азаматтың болуы мүмкін орындары, байланыстары мен түскен жедел ақпараттар мұқият тексерілді. Он жыл өткен соң ер адам Алматы қаласынан табылды. Қазіргі уақытта 63 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Әрі қарайғы процессуалдық шешімдер заңда белгіленген тәртіппен қабылданады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді