Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада фирма аумағынан мыс құбырлар ұрланды

Астанада фирма аумағынан мыс құбырлар ұрланды
Фото: Polisia.kz

Астанада фирма аумағынан мыс құбырлар ұрланды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"102" арнасына қаланың өндірістік базаларының бірінің аумағынан құбырлардың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Қылмысты ашу үшін тәртіп сақшылары аумақты мұқият тексеріп, куәгерлерден сұрастырды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол осы кәсіпорында бұрын жұмыс істеген 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында бұрынғы қызметкер таныстарын алдап, ұйымның мүлкін алып шығуға көндіргені белгілі болды. Ол басшылықтың бұл жайлы хабардар екенін және олардың да үлесі бар екенін айтқан. Түнде күдікті сыбайластарының көмегімен құрылысы жүріп жатқан кешенге заңсыз кіріп, 5 метрлік 140 дана мыс құбырды ұрлаған. Ұрланған мүлікті олар металл қабылдау орнына өткізген. Материалдық шығын шамамен 2 миллион теңгеден асады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Қалған екі сыбайласы іс бойынша куәгерлер ретінде өтуде. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді