Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Өскемен титан-магний комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен Қазақстанның титан өнеркәсібін дамыту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Өскемен титан-магний комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен Қазақстанның титан өнеркәсібін дамыту мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесті. Жүздесу барысында кәсіпорынның орнықты дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және Қазақстанның жаһандық титан нарығындағы ұстанымын одан әрі нығайту мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтитын әлемдегі ең ірі тігінен интеграцияланған титан өндірушілердің бірі. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 87 млрд теңгеге 12 мың тонна титан сатылды. Биыл титан құймалары мен қорытпалары өндірісі 7%-ға өседі деп болжануда. Кәсіпорын өнімдері аэроғарыш саласында, мұнай-химия және атом өнеркәсібінде, медицина мен кеме жасау өндірісінде қолданылады. Қазақстандық титанның аэроғарыш саласының жаһандық нарығындағы үлесі шамамен 20%-ды құрайды. Өскемен титан-магний комбинаты Boeing, Airbus, Safran, Rolls-Royce, TIMET, Howmet Aerospace, Dynamet, PCC және POSCO сияқты жетекші халықаралық өнеркәсіптік корпорациялардың бекітілген жеткізушісі болып саналады.

ӨТМК-нің 2033 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламасына назар аударылды. Оған жалпы сомасы 255,5 млрд теңге болатын 25 жоба кіреді. Олардың ішінде, кәсіпорынның жобалық қуатын жылына 10 мың тоннаға ұлғайта отырып, кеуекті титан өндіру бойынша жаңа цех салу,  газ тазарту жабдығын жаңғырту, бірыңғай өнеркәсіптік MES-жүйесін енгізу, сондай-ақ өндірістік деректерді, энергияны тұтынуды, технологиялық бақылауды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті талдау үшін жасанды интеллект мен талдау платформасын іске қосу бар. Осы жобаларды жүзеге асыру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға және кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, шикізат базасын қамтамасыз ету, халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, экспорттық әлеуетті сақтау және сыртқы нарықтарда титан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов ӨТМК-ні дамыту Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін нығайту, жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару және Қазақстанды жаһандық өндірістік тізбектерге енгізу бойынша қойған міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды