Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген кезекті рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейд барысында құқық бұзушылықтарды анықтау үшін дрон пайдаланылып, жолдағы жағдай әуеден бақылауға алынды. Тексеру кезінде Кентау қаласынан Түркістанға жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүрген Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі анықталып, оған қатысты әкімшілік шара көрілді. ұдан бөлек Кентау – Түркістан бағытындағы автожолда қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысына елеулі қауіп төндірген Toyota RAV4 автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісіне де әкімшілік шара қолданылды. Оның автокөлігі айыптұраққа қойылып, іс-құжаттары әкімшілік сотқа жолданды. Тәртіп сақшылары азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз жолаушылар тасымалы мен жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу деректеріне қатысты бақылау жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.Бүгін, 18:07
Түркістанда заңсыз жолаушы тасымалдаған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз