Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жұлдыздар мен үздік спикерлер қатысатын ауқымды «JASTAR FEST» өтеді

Астанада жұлдыздар мен үздік спикерлер қатысатын ауқымды «JASTAR FEST» өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы амфитеатрда 12 тамыз күні сағат 18:00-де Халықаралық жастар күніне орай ашық аспан астында «JASTAR FEST» атты грандиозды жастар фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасапа.

Іс-шараны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырады. Фестиваль жасөспірімдер мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, суицидтің алдын алуға және жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын ілгерілетуге ерекше назар аударылады.Сахнада әртүрлі салада табысқа жеткен танымал спикерлер сөз сөйлеп, өз тәжірибелері мен шабыттандыратын оқиғаларымен бөліседі. Қатысушыларды көшбасшылық, медиа, технология, өнер және әлеуметтік жобалар тақырыбында пайдалы дәрістер күтіп тұр.Кеш қонақтары — отандық эстрада жұлдыздары: Ersultan Omar, Madeniyett, Серик Гамза-заде, Bonapart, Baxa, Rick, ал басты хедлайнер — KAZYBEK KURAIYSH. Фестивальдің жүргізушілері — Бексултан Әкімжан мен Ирина Тен.«JASTAR FEST» шарасына қала тұрғындары мен қонақтары тегін кіре алады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді