Қарағандыда құны жарты миллион теңгеге жуық ұрланған құралдар табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының тұрғыны құрылыс нысанынан электр құралдарының ұрлануына байланысты жәбір шекті. Белгісіз тұлға жалпы құны 400 мың теңгеден асатын құрал-жабдықты қолды қылған. Аталған дерек бойынша Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 30 жастағы азаматтан арыз түсті.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын және оның орналасқан жерін анықтады. Ол 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіні ұстау кезінде оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.