Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады.  Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент Мәжілісінің депутаты болған кезіңде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін», — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында. 

Премьер-министр 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін атап өтті. Аталған құжат Әділетті мемлекет құру тұжырымдамасын бекітіп, еліміздің одан әрі даму бағдарын айқындайды. 

«Бүгінде Президентіміздің «Әділетті Қазақстан» бастамасына әрдайым қолдау білдіріп, жаңа Конституцияда айқындалған ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісіне де аянбай атсалысып жүрсіз. Өйткені, отаншылдық, әділдік, заң мен тәртіп, ерлік пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді жастардың бойына сіңіруде Алаш жұртының адал перзенті, халқымыздың хас батыры ретінде Сіздің алатын орныңыз ерекше», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының, Қарулы күштер мен Генералдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты.

Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Премьер-министр ғарыш саласының Қазақстанның технологиялық дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті. Елімізде ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы, экология және өзге де салалардың қажеттілігі үшін деректерді өңдеу жүйесі жетілдірілуде, сонымен қатар деректерді өңдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді. Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
4 комментария
  • Eleanor
  • 25-11-2026, 20:30
  • : 20:30
References: Best payid online casino gitlab.keysmith.bz
  • Chase
  • 26-11-2026, 00:57
  • : 00:57
The best Neosurf casinos reviewed for October 2026 are Realz, Millioner and MonsterWin, all open to Australian players. In addition, these casinos offer players an easy-to-understand interface to give them an enjoyable gaming experience. Using NeoSurf as a payment option in Australian online casinos follows a simple procedure. In this guide, we take a closer look at Neosurf casinos and everything Australian players need to know before using this payment method. Since each voucher has a fixed value, Neosurf also gives players greater control over their spending by limiting deposits to the amount they have chosen in advance. For those who value simple and discreet payments, Neosurf offers a practical solution for managing online gaming deposits. References: bkonline.id
  • Gaye
  • 26-11-2026, 02:46
  • : 02:46
Man kann im Sofortüberweisung Online Casino auch Geld auszahlen. Nach Kontoerstellung können im Online Casino sofort Echtgeld Zahlungen durchgeführt werden. Es bedarf nur einen Eintrag einer PIN und TAN Nummer auf dem Zahlungsformular, welches ihr auf der Sofortüberweisung Webseite findet, um die Transaktionen durchführen zu können. Wer eine gute Alternative sucht, kann im Casino online paysafecard verwenden. Dieses Online-Zahlungssystem ist außerdem noch schnell, einfach und kostenlos. References: https://www.minehop.net/d/695-klarna-bezahlen-casino-was-geht-in-deutschland
  • Ismael
  • 26-11-2026, 02:51
  • : 02:51
Wer beste Online Casinos mit Trustly für Poker vergleicht, landet fast automatisch bei PokerStars Casino. Auch in unserem Trustly Casino Test macht CoinCasino vor allem bei Auswahl und Dynamik einen guten Eindruck. Neue Trustly Casinos haben in letzter Zeit viel Aufmerksamkeit bekommen, darunter auch das CoinCasino. Das zeigt, warum trustly online casino Casinos für viele Spieler besonders interessant sind. Wer beste Trustly Online Casinos 2026 sucht, will vor allem reibungslose Zahlungen und ein gutes Gesamtpaket. Mit unserer Hilfe finden Sie die attraktivsten Online Casinos mit Trustly im Handumdrehen.
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды