Шәңгерей Жәнібекұлы ғасырлық мерейтойын атап өтіп жатыр. 18 жасында майданға аттанған ол соғыстан кейін бейбіт өмірді қалпына келтіруге аянбай еңбек етті.Қала әкімі Ерболат Досаев қарт майдангерге барып, Мемлекет басшысының сәлемі мен құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент соғыста ерен ерлік көрсеткен ардагерге елдің өркендеуіне қосқан ерлігі үшін ризашылық білдірді.Премьер-министр Олжас Бекенов те ардагерге өзінің құттықтауын жолдап, қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.Алматы әкімі Президенттің жылы лебізін жеткізіп, награда табыстады. Ардагерге соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген I дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Ол майдангердің өмір жолы батылдықтың, ерліктің және борышқа деген адалдықтың үлгісі екенін атап өтті.«Екі жыл бұрын Жеңіс күнінде мен сіздің 100 жылдық мерейтойыңызға келетінімді айтқан едім. Бүгін сізді осы тамаша мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының ақжарма тілектері мен жүрекжарды лебізін жеткізіп, Сізге лайықты марапат тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Аман болыңыз! Жақындарыңызға бақыт пен жақсылық тілеймін», - деді Алматы әкімі.