Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-нің 51 мыңнан астам ұсынуы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге ықпал етті

ІІМ-нің 51 мыңнан астам ұсынуы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге ықпал етті
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыруға және қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін орнықтыруға бағытталған шараларды тұрақты түрде іске асыруда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабында көзделген ұсыну енгізу институты болып табылады. Ұсыну енгізуге қылмыстық процесте анықталған заңнама талаптарының бұзылуы, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың қызметіндегі кемшіліктер, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен өзге де мән-жайлар негіз болады. Жыл басынан бері ішкі істер органдарының тергеушілері мен анықтаушылары уәкілетті мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың атына 51 мыңға жуық ұсыну енгізді. Ұсынулардың адресаттары қатарында әкімдіктер, жергілікті атқарушы органдар, автокөлік жолдарын күтіп-ұстау ұйымдары, білім беру және денсаулық сақтау органдары, екінші деңгейдегі банктер, кәсіпкерлік субъектілері, өндірістік кәсіпорындар, мүлік иелерінің бірлестіктері мен министрліктер бар.

Ұсынуларды қарау нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған нақты шаралар қабылданды: әлеуметтік жағдайы қолайсыз аудандарда, сауда объектілерінде және ойын-сауық орындарында екі мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылды; автокөлік жолдарының 157 авариялық қауіпті учаскесінде жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, жол белгілері орнатылып, жол таңбалары жаңартылды; 63 объектіде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, күзет жүйелері жаңғыртылды; білім беру ұйымдарында 60-тан астам профилактикалық іс-шара өткізілді; заңсыз қызметті жүзеге асырған төрт субъектінің қызметі тоқтатылды, 10-нан астам кафе мен түнгі клубтың жұмыс уақытына шектеу қойылды.

Тергеу барысында анықталған құқық бұзушылықтар үшін 302 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз өткізген, тіркеусіз тұрған, көлік құралдарын заңсыз басқарған, мал жаю қағидаларын бұзған және басқа да құқық бұзушылықтар жасағандар бар. Нақты мысалдар: Алматы қаласының әуежайында жолаушының мүлкін ұрлау фактісі бойынша терминалдың "соқыр аймақтары" бейнебақылау камераларымен жабдықталды; наурыз айында Павлодар қаласында интернет-алаяқтық фактісі бойынша танымал платформадағы алаяқтық профильдер бұғатталып, хабарландыруларды одан әрі орналастыру мүмкіндігі жойылды; Ақтау қаласында электрондық темекіні заңсыз өткізумен айналысқан дүкеннің қызметі тоқтатылды.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады. Марқакөл - Қалжыр - Омбы - Майқапшағай автожолында полиция енгізген ұсынуды қарау қорытындысы бойынша жол таңбалары жаңартылып, 24-56 шақырым аралығында жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал 67-ші шақырымда үш стробоскоп пен жарық шағылыстыратын жол маркерлері орнатылды. Сол сияқты Ақтөбе облысының аумағындағы Самара - Шымкент республикалық автожолының 867-ші шақырымында жылдамдықты шектеу жол белгілері және жылдамдық режимін автоматты түрде тіркейтін кешен орнатылды. Ұсынуларды қарау нәтижесінде өздерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін және түрлі құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен 3 000-ға жуық лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа, ал 700-ден астам адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі жұмыс қылмыстың алдын алудың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді