Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сенат депутаттары «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң жобасын мақұлдады

Сенат депутаттары «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң жобасын мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Жаңа Заңды қабылдау құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылы мен үйлестіруінің теңгерімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қылмыс деңгейін төмендетуге, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң шеңберінде қолданыстағы бес заңнамалық актіні біріктіру көзделген, бұл құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай әрі тиімді тетігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Азаматтар үшін бұл қоғамдық қауіпсіздік деңгейінің артуын, сондай-ақ құқықбұзушылық профилактикасына қоғамның қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюін білдіреді.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі — полицияның қоғамдық көмекшілерінің құқықтары мен міндеттерін кеңейту. Олар құқықтық насихат жүргізуге, оқу орындарында және жекелеген азаматтармен профилактикалық жұмысқа қатысуға, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге жәрдемдесуге, сондай-ақ полиция қызметкерлері келгенге дейін оқиға орындарын күзетуге қатыса алады.

Жалпы алғанда, құқық бұзушылық профилактикасы жүйесі қайта қаралып, тәуекелдерді ерте анықтауға және құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған жалпы, жеке және арнайы алдын алу шараларын қамтиды.

Заң жобасында құқық бұзушылыққа бейім адамдармен нысаналы жұмыс жүргізуге бағытталған жаңа әдістер көзделген. Мемлекеттік органдардың құзыреттері нақты айқындалып, ведомствоаралық үйлестіру тетіктері күшейтілген, сондай-ақ жеке профилактиканың жаңа құралдары енгізілген.

Қажетті заңнамалық рәсімдер аяқталғаннан кейін аталған заң Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті